Ғажайып бақ
6+
Казахстан2022Семейный6+
Сюжет
Қазақтың «Асан мен Үсен» және «Ғажайып бақ» ертегілерінің қақтығысы сценарий негізі ретінде алынған. Бірінші ертегіде екі қазақтың шынайы әрі адал достығы туралы баяндалады. Олар өмірдің ең ауыр сәттерінде бір-біріне көмекке келеді. Бір күні солардың бірі алтын көмбесін тауып алады. Бірақ достар бұл байлықты өз қажетіне жұмсамай, адамдардың игілігіне пайдалануға шешім қабылдайды. Олар алтын толы қазанды медресеге, дана Ұстазға апарып, бұл көмбені қалай дұрыс жұмсауға болатынын сұрайды.
Екінші ертегіде осы қаражатты пайдаланып, медресе шәкірттерінің бірі алма бағының көшеттерін отырғызуға бел буады. Бұл шәкірт – бала кезінде керуеншілерден сыйлыққа қызыл алма алған дәл сол бала болып шығады.