Тау адамы 3: Соңғы өлшем
1 ч 35 мин 18+
199418+
Сюжет
Суға салса батпайтын, отқа салсаң жанбайтын жауынгер Коннор Маклауд тағы да жекпе-жекке шықты. Бұл жолы өзінің ең мықты жауы – дуагер Кейнге төтеп беруі тиіс. Кейн 300 жыл бұрын Жапониядағы тылсым таудың астына қамалып, енді керемет сиқырлы күшке ие болған түрі бар.
Ештеңеден бейқам жүрген археологтар Кейнді босатады. Әлемге иелік ету үшін дуагерге сиқырлы энергия қажет. Ал оған тек Коннор Маклаудты өлтіру арқылы қол жеткізе алады. Маклауд шешуші шайқасқа дайындалып, ескі ұстаханада жаңа қылыш құю үшін өзінің туған жері Шотландия тауларына жасырынады.
Ол ежелгі тарих мұражайының ғалымы Алекспен кездеседі. Көп жыл бұрын, басқа өмірде Алекс пен Маклауд бір-бірін жақсы көретін. Алекс оны қолдауға тырысады...