Әзәзілден құтқара гөр

6.8imdb7.1kinopoisk1 ч 47 мин 18+
202018+

Сюжет

Оңтүстік Кореяның барлау қызметтерінің бұрынғы тыңшысы Ин-нам 9 жыл бойы кісі өлтіруші болып жұмыс істейді. Якудза әулетінің басшысын өлтір деген соңғы тапсырманы орындаған соң, ол біржола Панамаға көшіп кетпекші. Бірақ кенеттен бұрынғы нақсүйерінің кісі қолынан қаза тапқанын естиді. Әрі, марқұмның артында кішкентай қызы қалған екен. Қылмыстан бұрын бала күтушісі сәбиді ұрлап әкеткен болып шықты. Өзінің барлық тамыр-таныстығын қолдана отырып, Ин-нам бүлдіршінді іздеуге кіріседі. Ал бұл уақытта қас қылғанда сол якудзаның інісі – қатігез кісі өлтіруші мұның қыр соңына түсіп алған болатын.