«Kcell» АҚ абоненттері үшін «Қазақтелеком ТВ+» сервисін пайдалану туралы пайдаланушылық келісім

Осы «Қазақтелеком ТВ+» сервисін пайдалану туралы пайдаланушылық келісім (бұдан әрі - «Келісім») «Кселл» АҚ абоненттеріне онда көрсетілген шарттарда Келісім жасасуды ұсынатын жария оферта болып табылады. Жоғарыда көрсетілген офертаны жеке немесе заңды тұлға Келісімге тұтастай қосылу жолымен ғана қабылдай алады.

Келісім «Қазақтелеком ТВ+» сервисін пайдалану шарттарын тәртіптемелейді және Келісім тараптарының негізгі құқықтары мен міндеттерін айқындайды.

1.КЕЛІСІМДЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР

Авторизациялау - сервиске қол жеткізу мүмкіндігін берген кезде Пайдаланушыны сәйкестендіру.

Әкімші - «Қазақтелеком» АҚ, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша құрылған және тіркелген платформаның иесі және сервис әкімшісі болып табылатын және сервиске қолжетімділікті ұсынатын заңды тұлға (БСН 941240000193).

Бейнеконтент - фильмнің сюжетінің қысқаша мәтіндік және/немесе дыбыс-бейне сипаттамасын (оның ішінде трейлерлер, постерлер, кадрлар) қамтитын дыбыс-бейне жазу туындыларының (фильмдердің), сондай-ақ фильмдерге ақпараттық материалдардың жиынтығы.

Дербес шот - Серіктестің және Серіктестік сервистерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін абонентпен жасалған шартқа сәйкес енгізілген, көрсетілген қызметтердің көлемін, ақшаның түсуі мен жұмсалуын есепке алуға арналған Серіктестіктің биллингтік жүйесіндегі талдамалық есепке алу тіркелімі.

Телеарналар топтамасы - тарификациялау мақсаттары үшін топтастырылған телебағдарламалардың (телебағдарламалардың) және (немесе) өзге де дыбыс-бейне жазу, дыбыс хабарлары мен материалдардың жиынтығы.

Серіктес - «Кселл» АҚ - Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша құрылған және тіркелген, абоненттерге Kcell және activ тауар белгісімен байланыс қызметтерін ұсынатын заңды тұлға (БСН 980540002879).

Серіктестік сервис - Серіктеспен бірлесіп, Келісімде жазылған ерекшеліктері бар Серіктестің абоненттеріне әкімшінің сервиске қолжетімділігін ұсыну жөніндегі қызмет.

Платформа - Пайдаланушыларға сервисті беруді қамтамасыз ететін әкімшінің аппараттық-бағдарламалық құралдары мен технологиялық шешімдерінің жиынтығы.

Жазылым - Пайдаланушының тиісті Телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентке қол жеткізуге оның ерік білдіруін дұрыс анықтауға мүмкіндік беретін, Пайдаланушының сұранымы бойынша белгілі бір тариф бойынша сервис шеңберінде шектеулі уақыт ішінде Пайдаланушыға телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентке қол жеткізуге мүмкіндік беру.

Пайдаланушы - Келісім жасасқан Серіктес абоненті. Сервис шеңберінде әрбір Пайдаланушыға қатысты тіркелім жасалуы тиіс.

Пайдаланушы құрылғысы - Пайдаланушының меншігіндегі немесе өзге де заңды иелігіндегі, Келісімде көрсетілген техникалық талаптарға сәйкес келетін, Пайдаланушының сервиске қол жеткізуге мүмкіндік беретін тұтынушылық мультимедиялық құрылғы.

Құқық иеленуші - Сервисте орналастырылған зияткерлік қызмет нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқығы бар азамат немесе заңды тұлға.

Контенттің авторлық құқығының иесі - телевидение және радио хабарларын тарату операторы болып табылатын, рұқсат етілген аумақтағы контентке меншік құқығына ие және қызметті лицензияланған контентпен толтыратын заңды тұлға.

Қосымша - Пайдаланушылық құрылғыларға орнатылатын және сервиске қол жеткізу мүмкіндігін ұйымдастыруға арналған платформамен өзара іс-қимыл жасайтын бағдарламалық жасақтама.

Рұқсат етілген аумақ - Пайдаланушы сервисті пайдалануға құқылы аумақ. Келісім шеңберінде рұқсат етілген аумақ деп Қазақстан Республикасының аумағын түсіну керек.

Рұқсат етілген мерзім - Пайдаланушы сервис шеңберінде Телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентке қолжетімділікті пайдалануға құқылы уақыт кезеңі. Келісім шеңберінде рұқсат етілген мерзім деп қосылған жазылымның қолданылу мерзіміне тең уақыт кезеңін түсіну қажет.

Тіркеу - Пайдаланушының тіркелгісін жасау үшін қажетті мәліметтерді және кейіннен сервисті пайдалану кезінде оны авторизациядан өткізу мүмкіндігін беру рәсімі.

Сайт - Келісім орналастырылған https://tv.telecom.kz/ адресі бойынша Интернет желісіндегі сайт сервис туралы ақпарат қамтылады және ол арқылы сервиске қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Сервис - Пайдаланушыға қосымша және/немесе сайт арқылы Келісім шарттарына сәйкес оларды көру мүмкіндігімен телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентке қол жеткізу мүмкіндігін беру жөніндегі қызмет.

Тариф - Пайдаланушыға арналған Сервис шеңберінде телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентке қол жеткізу құны.

Тіркелгі - Сервиске қол жеткізуді ұсыну кезінде Пайдаланушыны авторизациялау үшін қажетті мәліметтерді қамтитын жазба. Тіркелгіге, оның ішінде Пайдаланушының аервиске қол жеткізу үшін пайдаланатын аты (логин) және құпия сөзі (немесе басқа ұқсас аутентификациялау құралдары) жатады.

Ұялы байланыс қызметтері - Серіктес ұсынатын ұялы байланыс қызметтері.

2.КЕЛІСІМНІҢ МӘНІ, ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ

2.1. Әкімші Пайдаланушылар Келісімнің ережелерін сақтаған жағдайда Пайдаланушыларға сервиске қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады.

2.2. Сервис шеңберінде Пайдаланушыға рұқсат етілген мерзім ішінде және рұқсат етілген аумақта жеке коммерциялық емес мақсаттарда интерактивті режимде өз таңдауы бойынша жеке қарау мүмкіндігімен телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентке (сервисте осындай болған жағдайда) қол жеткізу құқығы беріледі.

2.3. Пайдаланушы Келісім шарттарымен танысуға және олардың өзгертулерін дербес бақылауға келіседі. Келісімнің кез келген өзгерістерінен және/немесе толықтыруларынан кейін сервисті пайдалануды жалғастыру Пайдаланушының осындай өзгерістермен және/немесе толықтырулармен келісімін білдіреді. Пайдаланушының Келісімнің қолданыстағы шарттарын білмеуі Пайдаланушыны Келісімде көзделген міндеттемелерден, сондай-ақ оларды орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.

2.4. Келісім жасасу рәсіміне Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ережелері қолданылады, оларға сәйкес тармақты таңдау Пайдаланушының Келісім шарттарымен келісімін растайтын және/немесе интерфейстегі «әрі қарай» түймешігін басатын («белгі» қоюмен) (интерактивті мәзірде) Пайдаланушы сервиске бірінші жүгінген кезде, Пайдаланушының сервисті кез келген пайдалануы Келісімнің акцепті болып есептеледі және бұл Пайдаланушы қандай да бір алып қоюсыз немесе шектеусіз тұтастай алғанда Келісімге толықтай, сөзсіз және шартсыз қосылатындығын, Келісімде жазылған барлық шарттармен, ережелермен танысқанын және келісетінін растайтынын, сондай-ақ өзіне жүктелетін барлық құқықтармен, міндеттермен және шектеулермен келісетіндігін білдіреді.

2.5. Келісімнің 2.4-тармағында көрсетілген тәртіппен Келісім шарттарының акцепті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің шарттарына сәйкес жазбаша нысанда Келісім жасасуға сәйкес келеді.

2.6. Келісім жасалғаннан кейін Келісімнің 2.4-тармағында көзделген тәртіппен Пайдаланушының оның шарттарымен таныспағандығына немесе олардың міндеттілігін мойындамайтындығына сілтеме жасауға құқығы жоқ.

2.7. Келісім мақсатында Астана қаласының уақыты (Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы орналасқан сағат аймағының уақыты) пайдаланылады.

2.8. Сервис Пайдаланушы құрылғысында Интернет желісіне нақты қосылуы бар Интернет желісіне қол жеткізудің техникалық мүмкіндігі болған жағдайда (Интернетке шығу үшін қажетті және жеткілікті бағдарламалық жасақтама орнатылған) Пайдаланушыға қолжетімді, сондай-ақ Келісімнің 4-бөлімінде жазылған техникалық талаптарға сәйкес келеді.

2.9. Келісім жасай отырып, Пайдаланушы сервисте тіркелу/авторизациялану, әкімші өкілдерімен байланысу, әкімшіден ақпараттық, оның ішінде жарнамалық материалдарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған кез келген тәсілмен, оның ішінде шектелместен: қосымшаның интерфейсіндегі push-хабарламалар арқылы, Пайдаланушының абоненттік нөміріне SMS-хабарламалар арқылы, әлеуметтік желілердегі хабарламалар арқылы немесе өзге тәсілмен алу мақсаттары үшін абоненттік нөмір әкімшісіне абоненттік нөмірін хабарлауға келісім береді.

2.10. Пайдаланушы жоғарыда көрсетілген ақпаратты әкімшіден мынадай тәсілдермен алудан бас тартуға құқылы: абоненттік құрылғылардың баптауларында push-хабарламаларды алу функциясын ажырату арқылы не мессенджер-қосымшалардың баптауларында хабарламаларды алуға тыйым салу жолымен.

3.ТІРКЕЛУ

3.1. Сервиске авторизацияланған қол жеткізу мақсатында Пайдаланушы сайт интерфейсінің тиісті бөлімінде, сондай-ақ қосымшада сервиске жүгінген кезде Пайдаланушыға қол жетімді тіркелгінің тіркеу нысанын толтыру арқылы тіркеу рәсімін жүзеге асыруы қажет.

Пайдаланушының SMS-хабарламаларды алуға мүмкіндік беретін Интернет желісіне қолжетімділігі бар (онда белгіленген SIM-картасы бар) Серіктестің желісінде ұялы байланыс қызметтері қосылған белсенді ұялы телефоны, сондай-ақ Келісімнің 4-бөлімінде көрсетілген талаптарға сәйкес келетін Пайдаланушы құрылғысы болуы қажет.

3.2. Пайдаланушы ұялы байланыс қызметтері шеңберінде пайдаланатын бір абоненттік нөмірге қатысты бір ғана тіркелгі жасалуы мүмкін. Пайдаланушы сервиске кез келген Пайдаланушы құрылғысынан өз қалауы бойынша қол жеткізуге құқылы.

3.3. Тіркеуді жүзеге асыра отырып, Пайдаланушы тіркелгінің тіркеу нысанындағы нұсқаулықтарды ұстануы тиіс.

3.4. Әкімші тиісті түрде толтырылған тіркелгі нысанын алған сәттен бастап Пайдаланушы тіркеу аяқталды деп есептеледі. Әкімші Пайдаланушы жіберген және тиісті түрде толтырылған тіркелгінің тіркеу нысанын алмағаны үшін жауапты емес.

3.5. Тіркеу нәтижесінде Пайдаланушы Серіктестен авторизациялану және сервисті пайдалану мүмкіндігі үшін қажетті құпия сөзі бар SMS-хабарлама алады.

3.6. Сервиске қол жеткізу мақсатында тіркелген Пайдаланушының қосымшаға және/немесе сайтқа кейіннен кіруін Пайдаланушы оны қосымшада және/немесе сайтта авторизациялау жолымен жүзеге асырады (Пайдаланушы құрылғысына байланысты).

3.7. Пайдаланушы тiркеудi жүзеге асыру үдерісiнде толық және дұрыс ақпарат беруге мiндеттенедi. Пайдаланушы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде тіркелгідегі ақпаратты өзекті жағдайда ұстауға міндетті. Пайдаланушы толық емес немесе дұрыс емес ақпарат бергені үшін және осының салдарынан туындаған кез келген теріс салдарлар үшін жауапты.

3.8. Пайдаланушы өзінің тіркелгісін пайдалана отырып жасалған барлық іс-әрекеттер үшін толық жауапты, сондай-ақ логиннің, құпия сөздің (Серіктес авторизациялау үшін ұсынған), абоненттік нөмірдің (ұялы байланыс қызметтері шеңберінде пайдаланылатын) қауіпсіздігін және тиісінше пайдаланылуын жасақтамаге жауапты. Пайдаланушы әкімшіні Пайдаланушының тіркелгісін үшінші тұлғалардың рұқсатсыз пайдалануының кез келген жағдайлары туралы дереу хабардар етуге міндетті.

3.9. Пайдаланушы Пайдаланушылық құрылғыны және/немесе ақпаратты тіркелгінің (логинді, құпия сөзді) үшінші тұлғаға берген жағдайда, мұндай әрекеттер үшін барлық жауапкершілік тікелей Пайдаланушыға жүктеледі. Пайдаланушының тіркелгісін немесе оның Пайдаланушы құрылғысын пайдалана отырып, сервиске рұқсатсыз қол жеткізу нәтижесінде Пайдаланушыға келтірілген кез келген залал үшін (оның ішінде, бірақ Пайдаланушы құрылғысы ұрланған жағдайда шектелмей) әкімшінің кінәсінен болмаған жағдайда, соңғысы оған жауапты емес.

3.10. Пайдаланушы тіркелгісінде қамтылған ақпаратты жоғалтқан жағдайда Пайдаланушы Келісімнің 5.12-тармағында көрсетілген телефон нөмірі бойынша Серіктестің қолдау қызметіне хабарласып, оны қалпына келтіре алады (Пайдаланушы тіркелгі иесі екенін растау мүмкіндігі болған жағдайда).

3.11. Әкімші Пайдаланушының тіркелгісінің, SMS-хабарламалардың кідіртулері, іркілістері, дұрыс немесе уақтылы жеткізілмеуі және әкімшінің жауапкершілік аймағынан тыс жатқан, сондай-ақ еңсерілмейтін күш жағдайларынан туындаған басқа да техникалық проблемалар үшін жауапты емес.

4.ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

4.1. Сервис Пайдаланушыға техникалық мүмкіндіктер болған және Пайдаланушы құрылғысының Келісімде жазылған және сайтта көрсетілген техникалық талаптарға сәйкестігі болған кезде ұсынылуы мүмкін.

4.2. Сервиске қол жеткізу Пайдаланушыға тек Пайдаланушы құрылғысы арқылы ғана беріледі. Сервиске қол жеткізу мақсаттары үшін әкімші платформасымен өзара іс-қимыл жасайтын Пайдаланушылық құрылғылардың тізбесі, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар сайтта «Қолдау көрсетілетін құрылғылар» бөлімінде және/немесе сервис қағидаларында қамтылады. Әкімші қажеттілігіне қарай жоғарыда көрсетілген тізбеге және талаптарға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуге құқылы.

4.3. Сервистің әкімші белгілеген техникалық талаптарға жауап бермейтін Пайдаланушылық құрылғыларды пайдалану кезінде қол жетімсіз болуы не шектеулі функционалы болуы мүмкін.

4.4. Телеарналар топтамасын немесе бейнеконтентті қарау сапасы Интернет желісінің жұмыс жылдамдығына байланысты. Сервис SD пішіміндегі файлдарды жүктеу үшін деректерді беру жылдамдығы кемінде 1,5 Мбит/сек болатын Пайдаланушылық құрылғыны Интернет желісімен тұрақты және үздіксіз қосқан жағдайда қол жетімді болуы мүмкін (түпнұсқалық сапа үшін кемінде 5 Мбит/сек) және HD форматында файлдарды жүктеу үшін кемінде 5 Мбит/сек (түпнұсқалық сапа үшін кемінде 15 Мбит/сек), сондай-ақ файлдарды жіберу үшін кемінде 1 Мбит/сек, Интернет-қосылыстың реакция уақыты 300 мс (PING, ms) аспауы тиіс. Пайдаланушы Интернет желісіне енуді ұйымдастыру үшін көрсетілетін қызметтерді Серіктес арқылы ғана пайдалануға құқылы. Әкімші Пайдаланушы құрылғының платформасымен Интернет-қосылуының сапасына жауап бермейді.

4.5. Сервиске қол жеткізу үшін Пайдаланушы құрылғысында орнатылған қосымшаның (сайт арқылы дербес компьютерлердің көмегімен қол жеткізу жағдайларын қоспағанда), сондай-ақ телеарналар топтамасы мен бейнеконтентті қарау үшін қажетті және жеткілікті бағдарламалық жасақтаманың болуы қажет. Қосымшаны Пайдаланушы құрылғыға Пайдаланушы құрылғыны дайындаушы зауыт, сатушы немесе өзге де құқық иеленуші уәкілеттік берген тұлға алдын ала белгілеуі не Пайдаланушы сайтта көрсетілген ақпараттың көмегімен дербес белгілеуі мүмкін.

4.6. Сервиске қол жеткізу мақсаттары үшін Пайдаланушы құрылғысында орнатылған бағдарламалық жасақтама заңды түрде сатып алынуы және заңды негіздерде (лицензияда) пайдаланылуы тиіс, сондай-ақ осындай бағдарламалық жасақтаманың құқық иеленушісін немесе ол уәкілеттік берген тұлғаны қоспағанда, қандай да бір түрде Пайдаланушы немесе кез келген өзге тұлға өзгертпеуі немесе модификацияламауы тиіс.

4.7. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін, пайдалану құқықтарын және тиісті бағдарламалық жасақтаманың Пайдаланушылық құрылғылары үшін орнатуды сатып алуға байланысты барлық іс-әрекеттерді Пайдаланушы дербес жүзеге асырады. Әкімші Пайдаланушының немесе үшінші тұлғалардың жоғарыда көрсетілген әрекеттері үшін жауапты емес.

4.8. Пайдаланушы Келісімнің осы бөлімінде жазылған техникалық талаптардың сақталуына дербес жауапты, сондай-ақ сервисті пайдалану мүмкін болмауына байланысты барлық тәуекелдер үшін жеке-дара жауапты, Пайдаланушы құрылғының Интернет желісімен қосылуының болмауы себебінен телеарналар топтамасын немесе бейнеконтентті дұрыс қарау, Пайдаланушы құрылғыда сервиске қол жеткізу үшін қажетті қандай да бір компоненттердің, функциялардың, бағдарламалық жасақтамадің болмауы, сондай-ақ Пайдаланушы құрылғысының немесе үшінші тұлғалардың жабдығының жұмысында қандай да бір қателіктердің болуына байланысты.

5.СЕРВИС ШЕҢБЕРІНДЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІ ҰСЫНУ ШАРТТАРЫ, ЖАЗЫЛЫМҒА АҚЫ ТӨЛЕУ

5.1. Сервиске қол жеткізу тіркеу рәсімінен өткен Пайдаланушыға Келісімнің 3-бөлімінде сипатталған тәртіппен, сайттағы және/немесе қосымшадағы тиісті интерфейсте авторизациядан кейін белсенді тіркелгімен беріледі.

5.2. Сервис шеңберінде телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентке қол жеткізу үшін Пайдаланушы, егер бұл Пайдаланушының тарифтік жоспарының шарттарымен негізделмесе, USSD/SMS/Сайт/Қосымшаның көмегімен тиісті жазылымды қосуы қажет. Жазылым әкімші оны өңдеген және растаған (белсендірген) сәттен бастап қосылған болып есептеледі.

5.3. Әкімшінің Пайдаланушыға телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентке қол жеткізуге жазылымды қосуы тиісті телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентке жазылудың төлем фактісі көрсетілгеннен және төленгеннен кейін жүргізіледі.

5.4. Жазылым автоматты ұзарту шарттарында беріледі, бұл Пайдаланушының дербес шотынан осындай ұзарту сәтінде қолданылатын тарифпен айқындалатын сомада автоматты түрде ақша қаражатын есептен шығару жолымен жазылымның қолданылу кезеңіне тең кезеңге Жазылымды автоматты түрде ұзартуды білдіреді.

Пайдаланушының автоматты ұзарту шарттарында жазылымды қосуға келісімін білдіру Пайдаланушының сервисті қосуға және дербес шоттан жазылымға ақы төлеуге пәрмендерді енгізуі болып табылады.

Әкімші сервиске жазылымды жеңілдікті кезеңмен және/немесе науқан шеңберінде ұсына алады. Пайдаланушы сервиске жазылымды жеңілдікті кезеңмен және/немесе науқан шеңберінде ресімдеген жағдайда жазылымның автоматты ұзартылуы белсендірілуі мүмкін. Бұл жағдайда жеңiлдiктi/науқандық кезең аяқталғаннан кейiн ақша қаражаты Пайдаланушының қатысуынсыз қолданылып жүрген тарифтерге сәйкес және автоматты ұзарту шарттарында Пайдаланушының дербес шотынан есептен шығарылатын болады.

Жазылымды автоматты ұзартудан бас тарту үшін Пайдаланушы қосымшаның және/немесе сайттың тиісті интерфейсінде және/немесе USSD сұраным көмегімен кез келген уақытта, бірақ ағымдағы жазылым кезеңінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 24 (жиырма төрт) сағат бұрын жазылымды өз бетінше өшіруге қатысты әрекет жасауы тиіс.

5.5. Жазылымды қосқаннан кейін Пайдаланушы телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентке қол жеткізуді әкімші және/немесе бейнеконтенттің құқық иеленушісі белгілеген рұқсат етілген мерзім ішінде ғана пайдалануға құқылы. Телеарналардың және/немесе бейнеконтенттің әрбір топтамасына қатысты рұқсат етілген мерзім, тарифтің мөлшері, құрамы, мазмұны және өзге де шарттары туралы ақпарат оны сайттың және/немесе Қосымшаның тиісті интерфейсіне орналастыру арқылы Пайдаланушының назарына жеткізіледі. Қосылған жазылымға қатысты рұқсат етілген мерзім өтуінің басталуы әкімшінің тиісті жазылуды қосуының дәл уақытымен (минуттары, сағаттары, күні, айы, жылы) айқындалады. рұқсат етілген мерзім аяқталғаннан кейін телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентке қол жеткізу тоқтатылады.

5.6. Бейнеконтентті пайдалану шарттарын тиісті бейнеконтенттің құқық иеленушісі тарифтерге сәйкес Келісімнің шарттарына қосымша белгілейді. Келісім шеңберіндегі бейнеконтенттің құқық иеленушілері деп Пайдаланушыларға бейнеконтентті пайдалану (қарау) құқықтарын беру құқығына ие онлайн-кинотеатрларды, дыбыс-бейне көрсету сервистерін түсіну керек.

5.7. Әкімші қызмет шеңберінде Пайдаланушыға әкімшінің және/немесе бейнеконтенттің авторлық құқық иесінің маркетингтік кампанияларының шарттарында, оның ішінде, шектелместен, промокезең ішінде қосымша телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентке (белгілі бір уақыт кезеңі үшін төлемсіз), қосымша топтамалар телеарналарына және/немесе бейнеконтентке (бонустар) қол жеткізу мүмкіндігін беруге, жеңілдіктер ұсынуға, ниеттестік бағдарламаларын пайдалану мүмкіндігін беруге құқылы. Маркетингтік кампаниялардың тізбесі, шарттары мен өткізу мерзімі сайтта және/немесе қосымшаның интерфейсінде көрсетіледі және оларды әкімші кез келген уақытта біржақты тәртіппен өзгертуі/күшін жоюы мүмкін.

5.8. Мүмкіндік болған жағдайда әкімші Пайдаланушыға сервис шеңберінде телеарналардың әртүрлі топтамаларына жекелей, сайт және/немесе қосымша интерфейсінің тиісті бөлімінде көрсетілген тарифтер бойынша бейнеконтентпен бірлесіп қол жеткізу мүмкіндігін ұсына алады.

5.9. Сервис шеңберінде телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентке қол жеткізу белгіленген тарифтер бойынша берілуі мүмкін. Тарифтің бағасын және сервис шеңберінде Пайдаланушыларға қолжетімді телеарналардың және/немесе бейнеконтенттің тізбесін әкімші кез келген сәтте өз қалауы бойынша, бірақ егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше мерзім көзделмесе, мұндай өзгерістер күшіне енетін күнге дейін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын Пайдаланушыларға осындай өзгерістер туралы алдын ала хабарлай отырып, өзгерте алады.

5.10. Телеарналар топтамасы мен бейнеконтентке қол жеткізгені үшін Келісім бойынша төлем ұлттық валютада - теңгемен және тек дербес шоттан ақша қаражатын есептен шығару жолымен жүргізіледі.

5.11. Жазылым ақысын тиісті тариф бойынша төлей отырып, Пайдаланушы Пайдаланушыға сервис шеңберінде телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентке қол жеткізу мүмкіндігін әкімші рұқсат етілген мерзім ішінде және рұқсат етілген аумақта телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентке қол жеткізу мүмкіндігінің пайдаланылу немесе пайдаланылмау фактісіне қарамастан, Пайдаланушының әкімшінің кінәсінен қолжетімділікті пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайларды қоспағанда Пайдаланушы жазылымды төлеген сәтте ұсынды деп есептелетіндігі туралы хабардар етілген және осымен келіседі.

5.12. Тиісті тарифті төлеген сәттен бастап 48 (қырық сегіз) сағаттан асатын кезең ішінде әкімшінің кінәсінен телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентке төленген жазылым бойынша қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда әкімші Пайдаланушының жазбаша сұранымы бойынша және мүмкіндігінше рұқсат етілген қол жеткізу мерзімін Пайдаланушының телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентке қол жеткізе алмаған кезеңге ұзартады немесе ол төлеген соманы Пайдаланушыға қайтарады. Пайдаланушы жоғарыда көрсетілген сұранымды төлем жасалған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспаған жағдайда activ Пайдаланушылары үшін 3030, Kcell Пайдаланушылары үшін 9090 нөмірлері бойынша Серіктестің Байланыс орталығына жүгіне отырып, жіберуге құқылы.

5.13. Телеарналар топтамасында міндетті жалпыға бірдей қолжетімді телеарналар болған жағдайда, мұндай телеарналарға қол жеткізу тегін жүзеге асырылады. Бұл ретте құрамына міндетті жалпыға қолжетімді телеарналар кіретін телеарналар топтамасына қол жеткізу ақылы болып табылады (егер әкімші өзгеше белгілемесе) және мұндай міндетті жалпыға бірдей қолжетімді телеарналарды қарау құнын қамтымайды.

6.ТАРАПТАРДЫҢ КЕПІЛДІКТЕРІ ЖӘНЕ РАСТАУЛАРЫ

6.1. Әкiмшi мен Пайдаланушы Келiсiмде көзделген құқықтарды пайдаланатынына және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес және Келiсiмде көрсетiлген мақсаттарда ғана мiндеттер атқаратынына кепiлдiк бередi.

6.2. Әкімші келесілерді растайды және кепілдік береді:

6.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және әрекет ететін заңды тұлға болып табылады, сондай-ақ Келісім жасасу және ол бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін барлық құқықтары мен өкілеттіктері бар;

6.2.2. Пайдаланушыларға сервис беру мақсатында Платформаны, сайтты, Қосымшаларды пайдалануға заңды құқығы бар;

6.2.3. Контенттің авторлық құқық иесі телеарналар топтамасына кіретін телеарналарды пайдалану және пайдаланушыға сервис шеңберінде телеарналар топтамасына қажетті көлемде қолжетімділікті ұсыну құқығына ие;

6.2.4. Контенттің авторлық құқық иесі сервис шеңберінде бейнеконтентке қолжеткімділікті ұсыну құқығына ие.

6.3. Пайдаланушы сервисті пайдаланған кезінде мынадай әрекеттерді жүзеге асырмайтынын растайды және кепілдік береді:

6.3.1. Келісімнің шарттарын бұза отырып, сервисті пайдалануға;

6.3.2. Сервисті оның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін тәсілдермен пайдалану;

6.3.3. Тіркелу және авторизациялау рәсімінсіз сервиске, оның ішінде телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентке қол жеткізуге тырысуға не Келісім шеңберінде сервисті заңды пайдалану үшін көзделген шектеулерді, оның ішінде логин мен құпия сөзді іріктеу, бұзу, өзгерту, IP-мекенжайларды ауыстыру не сервиске заңсыз қол жеткізуді шектейтін сервисті техникалық қорғауға бағытталған құралдарды айналып өтуге өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасау жолымен алып тастауға тырысу;

6.3.4. Сервисті қандай да бір коммерциялық мақсатта пайдалану, оның ішінде, бірақ шектелмей, телеарналар топтамасына кіретін телеарналарды және/немесе Пайдаланушының қарапайым отбасы тобына немесе жеке адамдар тобына жатпайтын адамдарға арналған бейнеконтентті еркін бару үшін ашық орындарда (дәмханалар, мейрамханалар, дүкендер, қонақ үйлер) көрсету немесе қолжетімді ету;

6.3.5. Сервисті, оның ішінде телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентті көпшілікке көрсету, орындау, қарау, көрсету, жалпыға бірдей мәлімет немесе өзге де көпшілікке пайдалану үшін хабарлау мақсатында пайдалану;

6.3.6. Телеарналар топтамасына кіретін телеарналардың телехабарларын немесе олардың бөліктерін, сондай-ақ бейнеконтентті қандай да бір тәсілмен, оның ішінде Пайдаланушы құрылғының экранынан (дисплейінен) көру кезінде бейнежазба жасау арқылы ойнату (көшіру);

6.3.7. Кез келген үшінші тұлғалардың (вирустар, трояндар және басқа да зиянды бағдарламалар) құрылғыларына (оның ішінде бағдарламалық жасақтамаға) зиян келтірмейтін қабілетті бағдарламалық жасақтаманы пайдалану;

6.3.8. Сервисті, оның ішінде телеарналар топтамасын және/немесе бейнеконтентті Келісім бойынша рұқсат етілгендерден басқа қандай да бір мақсаттар мен тәсілдермен пайдалану, оның ішінде шектелместен қайта сату, жалға беру, тарату, сату, коммерциялық айналымға шығару, сервисті жария қолжетімді ету немесе Келісім бойынша алынған құқықтарды өзге де жолмен үшінші тұлғаларға беру.

6.4. Келісім бойынша сервис «БАР ҚАЛПЫНДА» ұсынылады, бұл оның бар түрінде жұмыс істеуін білдіреді, сондай-ақ әкімші тарапынан сервиске қатысты кез келген кепілдіктердің немесе растаулардың болмауын білдіреді, оның ішінде шектелместен: Сервис Пайдаланушының талаптарына, мақсаттарына немесе күтулеріне сәйкес келуіне, телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентке қол жеткізу үздіксіз, жылдам, сенімді және қандай да бір қателерсіз ұсынылуына, телеарналар топтамасына кіретін қандай да бір телеарнаның және/немесе бейнеконтенттің сапасы мен мазмұны Пайдаланушының талаптарына сәйкес болуына қатысты.

6.5. Әкімші мен Пайдаланушы сервисті пайдалану (сервис шеңберінде Пайдаланушыға қолжетімділік берілетін зияткерлік қызметтің барлық нәтижелерін және дараландыру құралдарын қоса алғанда) көпшілік алдында орындау не эфирге немесе кабель арқылы хабарлау жолымен, оның ішінде ретрансляциялау жолымен жүзеге асырылмайтынын растайды және кепілдік береді.

7.ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

7.1. Пайдаланушы құқықтары:

7.1.1. Сервисті Келісім талаптарына сәйкес пайдалану.

7.1.2. Өз таңдауы бойынша сайт және/немесе Қосымша арқылы сервис шеңберінде Пайдаланушыға қолжетімділік берілген телеарналар топтамасын және/немесе Бейнеконтентті қарауды басқару функционалын («КІДІРІС» функциясының көмегімен көруді үзу, өткізіп жіберу, жеке эпизодтар бойынша ауысу, тілді және басқаларды ауыстырып қосу мүмкіндіктері) пайдалану құқығымен жүзеге асыру.

7.1.3. Келісімнің 12-бөлімінде жазылған тәртіпке сәйкес сервистің жұмысына қатысты наразылықтармен және/немесе ұсыныстармен жүгіну.

7.2. Пайдаланушы міндеттері:

7.2.1. Келісімнің шарттарын сақтау.

7.2.2. Келісім шарттарына сәйкес сервисті, оның ішінде телеарналар топтамасын және/немесе бейнеконтентті тек өзінің Пайдаланушылық құрылғысы арқылы жеке коммерциялық емес мақсаттарда пайдалану.

7.2.3. Сервис шеңберінде пайдаланылатын зияткерлік қызмет нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқығы бар әкімшінің, сондай-ақ құқық иеленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау.

7.2.4. Егер бұл белгілі бір жас санатындағы телеарналар топтамасына кіретін телеарналарды қарау үшін көзделген болса, жас шектеулерін сақтау. Телеарналарды көру үшін қажетті жасқа толмаған адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ата-аналарының, асырап алушыларының, қорғаншыларының, қамқоршыларының немесе басқа да заңды өкілдерінің келісімінсіз тиісті телеарналарды қараудан және/немесе оларға қол жеткізу үшін ақы төлеуден тартынуға міндетті. Өзге жағдайда Келісімнің осы тармағының талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік талап етілетін жасқа толмаған Пайдаланушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ата-аналарға, асырап алушыларға, қорғаншыларға, қамқоршыларға немесе басқа да заңды өкілдерге жүктеледі.

7.2.5. Сервистің жұмыс істеу үдерісін бұзуға бағытталған қандай да бір әрекеттерді, сервиске авторизацияланбаған қол жеткізу әрекеттерін, сондай-ақ әкімшінің және/немесе кез келген үшінші тұлғалардың заңды құқықтарын бұзатын кез келген өзге де әрекеттерді жүргізбеу.

7.2.6. Келiсiмнiң 6.3-тармағында көрсетiлген қандай да бiр iс-әрекеттер жасамау.

7.2.7. Пайдаланушы үшін Келісімде белгіленген өзге де міндеттерді орындау.

8.ӘКІМШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

8.1. Әкімші құқықтары:

8.1.1. Пайдаланушыға Келісімнің жаңа редакциясын сайтта және/немесе Қосымшада осындай өзгерістер күшіне енгенге дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын жариялау арқылы хабарланған жағдайда, қажеттілігіне қарай Келісімді біржақты тәртіппен өзгерту. Келісімдегі өзгерістермен келіспеген жағдайда Пайдаланушы сервисті пайдаланудан бас тарта отырып, Келісімнің қолданысын тоқтатуға құқылы. Кері жағдайда әкімші мен Пайдаланушы олардың қатынастары ол күшіне енген күннен бастап Келісімнің жаңа редакциясымен реттелетінін мойындайды.

8.1.2. Телеарналар топтамаларының және/немесе бейнеконтенттің тарифтерін, құрамын, мазмұнын біржақты тәртіппен өзгерту.

8.1.3. Пайдаланушы Келісімнің талаптарын, қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда, сондай-ақ егер әкімшіде Пайдаланушының ic-әрекеттерін жосықсыз, сервистің жұмыс қабілеттілігін бұзуға бағытталған және/немесе әкімшінің және/немесе құқық иеленушілердің құқықтарының, заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін, олардың іскерлік беделіне зиян келтіруі мүмкін деп есептеуге негіздер болған жағдайда кез келген уақытта өзінің қалауы бойынша Пайдаланушының сервиске қолжетімділігін тоқтата тұру, шектеу немесе тоқтату.

8.1.4. Пайдаланушының сервисті іске асырудың техникалық мүмкіндігін жасақтама үшін қажеттілігіне қарай профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру.

8.2. Әкімші міндеттері:

8.2.1. Өзінің техникалық мүмкіндіктері шеңберінде Келісімнің шарттарына сәйкес сервистің жұмыс істеуін жасақтама.

8.2.2. Сервис жұмысына байланысты ұйымдастыру шешімдерін қабылдау.

8.2.3. Әкімші үшін Келісімде белгіленген өзге де міндеттерді орындау.

9.ЗИЯТКЕРЛІК ҚҰҚЫҚТАР

9.1. Сервисті ұсынған кезде пайдаланылатын кез келген зияткерлік қызмет нәтижелері мен дараландыру құралдары олардың құқық иеленушілерінің зияткерлік меншігі болып табылады және халықаралық шарттармен және Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасымен қорғалады.

9.2. Зияткерлік қызмет нәтижелерін және дараландыру құралдарын құқық иеленушінің рұқсатынсыз кез келген пайдалану заңсыз болып табылады және жауапкердің орналасқан жері бойынша сот тәртібімен азаматтық-құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады.

9.3. Әкімші осы арқылы Пайдаланушыға Әкімшінің платформаның, веб-сайттың, қосымшаның және Kazakhtelecom TV+ сауда белгісінің авторлық құқығының иесі екенін хабарлайды. Серіктес Kcell және activ сауда белгілерінің авторлық құқығының иесі болып табылады.

9.4. Келісімге сәйкес сервис шеңберінде Пайдаланушыға телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентке кез келген материалдық нысанда (оның ішінде, бірақ шектелмей: Пайдаланушы құрылғылардың жадына көшіру жолымен), сондай-ақ телеарналар топтамасын және/немесе бейнеконтентті кез келген өзге де пайдалануға құқығынсыз, оның ішінде, бірақ мыналармен шектелмей: тарату, жалға беру, сату, көпшілік алдында көрсету, көпшілік алдында орындау, эфирге немесе кабель арқылы, оның ішінде ретрансляция жолымен хабарлау құқығынсыз қол жеткізу құқығы беріледі.

9.5. Пайдаланушы сервисті (сервис шеңберінде Пайдаланушыға қолжетімділік берілетін зияткерлік қызметтің барлық нәтижелерін және дараландыру құралдарын қоса алғанда) Келісімде көрсетілген берілген құқықтарды іске асыру мақсатында ғана пайдалануға құқылы.

9.6. Сервисті Келісімде тікелей көрсетілмеген тәсілмен пайдалану Пайдаланушыға рұқсат етілген болып есептелмейді.

9.7. Келісімнің шарттарын бұза отырып, сервисті кез келген пайдалануға (сервис шеңберінде Пайдаланушыға қол жеткізу ұсынылатын зияткерлік қызметтің барлық нәтижелерін және дараландыру құралдарын қоса алғанда) үзілді-кесілді тыйым салынады. Мұндай пайдалану заңсыз болып табылады және жауапкердің орналасқан жері бойынша сот тәртібімен азаматтық-құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға себеп болуы мүмкін.

9.8. Бейнеконтенттің әкімшісі және/немесе құқық иеленушісі Келісім бойынша сервис шеңберінде Пайдаланушыға қолжетімділік берілетін телеарналар топтамасын және/немесе бейнеконтентті заңсыз пайдалануды болдырмайтын немесе шектейтін техникалық құралдарды пайдалану құқығын өзіне қалдырады.

10.ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

10.1. Келісімде айтылған өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда әкімші мен Пайдаланушы Келісімде айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты.

10.2. Әкімші Пайдаланушының Келісімнің ережелерін бұзғаны үшін жауапты емес.

10.3. Пайдаланушы Келісімнің шарттарына сәйкес сервисті (сервис шеңберінде Пайдаланушыға қолжетімділік берілетін зияткерлік қызметтің барлық нәтижелерін және дараландыру құралдарын қоса алғанда) тиісінше пайдаланғаны үшін толық жауапты екенін түсінеді және онымен келіседі.

10.4. Әкімші сервистің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, алайда оның үздіксіз жұмыс істеуіне жауапты емес.

10.5. Әкімші телеарналар топтамасына және/немесе бейнеконтентке қол жеткізу, сондай-ақ оларды Пайдалану құрылғысында қарау кезінде туындайтын қандай да бір техникалық қателерсіз, ақауларсыз немесе басқа да проблемаларсыз қарау мүмкіндігіне кепілдік бермейді.

10.6. Әкімші сервисті алу мақсатында Пайдаланушы пайдаланатын Интернет желісі бойынша деректерді берудің тиісті сапасы немесе жылдамдығы үшін, деректерді өңдеудегі немесе берудегі кез келген кідірістер үшін, сондай-ақ сервисті пайдалану кезінде Пайдаланушы құрылғының дұрыс жұмыс істеу мүмкіндігі үшін қандай да бір жауапкершілікте болмайды.

10.7. Әкімші өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл Пайдаланушының әкімшінің бақылауынан тыс әрекеттерінен, оның ішінде рұқсат етілген аумақтан тыс орналасуынан, Пайдаланушы құрылғысының кездейсоқ жойылуынан, жоғалуынан немесе бүлінуінен, Пайдаланушы құрылғысының, сайттың, қосымшаның дұрыс пайдаланылмауынан және Пайдаланушының басқа да әрекеттерінен туындаса, жауапты емес.

10.8. Әкімші үшінші тұлғаның Пайдаланушы құрылғысына немесе электрондық құрылғыларына, кез келген басқа жабдыққа немесе бағдарламалық жасақтамаға сервисті Пайдаланушымен байланысты немесе туындаған қандай да бір залал үшін жауапты емес.

10.9. Әкімші телеарналардың және/немесе бейнеконтенттің топтамасына кіретін телеарналардың ақпараттық мазмұны үшін, сондай-ақ телеарналардың және/немесе бейнеконтенттің құқық иеленушілері тарапынан жіберілген кез келген бұзушылықтар үшін жауапты емес.

10.10. Тараптар Келісім бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер бұл орындамау: өрт, жер сілкінісі, дауыл, найзағай соққысы, әскери іс-қимылдар, террористік акт, ереуілдер, сервисті ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын деректерді беру желілері мен жабдықтардағы электр энергиясымен жабдықтаудағы авариялар, мемлекеттік билік органының шешімі немесе міндеттемелерді орындау мүмкіндігін шектейтін немесе тоқтататын нормативтік-құқықтық актінің күшіне енуі, құқыққа қарсы сипаттағы әрекеттер (мысалы, сервистің жұмысын қамтамасыз ететін мүлікті ұрлау, тонау, қасақана зақымдау/жою, зиянды компьютерлік бағдарламаларды тарату сияқты), сондай-ақ осы жағдайларда тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс өзге де төтенше және күтпеген мән-жайлардың салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.

10.11. Пайдаланушы Келісім шарттарын бұза отырып, Пайдаланушының сервисті пайдалануына байланысты (сервис шеңберінде Пайдаланушыға қол жеткізу ұсынылатын зияткерлік қызметтің барлық нәтижелерін және дараландыру құралдарын қоса алғанда) Әкімшіге келтірілген кез келген шығындарды өтейтіндігімен келіседі.

10.12. Келісім бойынша әкімшінің міндеттемелері болмайды және Пайдаланушының алдында жіберілген пайданы өтеуге жауапты емес. Егер Келісім шеңберінде әкімшінің Пайдаланушыға әкімші тарапынан міндеттемелерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан келтірілген шығындарды өтеу бойынша жауапкершілігі туындаған жағдайда, онда осы жауапкершілік төленген тарифтің құнына тең сомамен шектелетін болады.

11.ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕРДІ РЕТТЕУ

11.1. Келісім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың өзара қарым-қатынастарын айқындайтын ретінде түсіндірілуі және реттелуі тиіс.

11.2. Егер Келісімнің қандай да бір ережесін тиісті юрисдикция соты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жарамсыз және орындалмайтын деп таныса, онда бұл Келісімнің қалған ережелерін жүзеге асыру заңдық күшін, заңдылығын және мүмкіндігін ешқандай шамада әлсірете алмайды.

11.3. Тараптар Келісімнен немесе соған байланысты туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктер сотқа дейінгі наразылық тәртібімен шешілетінін растайды.

11.4. Тараптар Келісім бойынша туындайтын кез келген дау, келіспеушіліктер немесе наразылықтар, оның ішінде Келісімнің түсіндірілуіне, қолданылуына, жарамдылығына немесе тоқтатылуына қатысты кез келген мәселе, сондай-ақ сотқа дейінгі кінә қоюды реттеу жолымен шешілуі мүмкін емес Келісімде реттелмеген мәселелер бойынша даулар жауап берген жері бойынша сот тәртібімен шешілуге жатады деп келіседі

12.АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

12.1. Сервисті пайдалануға байланысты барлық мәселелер бойынша, оның ішінде ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету, техникалық қолдау және кез келген талаптар бойынша Пайдаланушы Серіктесті қолдау қызметіне Келісімнің 5.12-тармағында көрсетілген тәсілдермен, сондай-ақ сайтта және/немесе қосымшада көрсетілген өзге де тәсілдермен жүгінуі тиіс.

12.2. Келісім бойынша сервиске қатысты келіп түскен Пайдаланушының өтініштерін қарау және оларға жауап, егер сайтта және/немесе қосымшада өзге тәртіп пен мерзімдер белгіленбесе, Пайдаланушының келіп түскен өтінішін әкімші/Серіктес тіркеген сәттен бастап 30 күн (күнтізбелік) ішінде жүзеге асырылады.

13.ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ САЯСАТЫ

13.1. Келісім жасаса отырып, Пайдаланушы әкімшінің/Серіктестің өзінің дербес деректерін өңдеуіне келісім береді және осындай келісім бере отырып, Пайдаланушының өз еркімен және өз мүддесінде әрекет ететінін растайды.

13.2. Келісім шеңберіндегі дербес деректер деп Пайдаланушының мынадай дербес деректерін түсіну керек: абоненттік нөмірі, тіркелгісінің ақпараты, Пайдаланушы Келісім бойынша құқықтар мен міндеттерді іске асыру мақсатында әкімшіге ұсынатын өзге де дербес деректер.

13.3. Әкімші дербес деректерді өңдеуге байланысты кез келген әрекеттерді жүзеге асыруға, сотта өз мүдделерін қорғауға, Пайдаланушылардың дербес деректерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және Келісімнің ережелеріне сәйкес үшінші тұлғаларға беруге құқылы.

13.4. Дербес деректерді өңдеу деп автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай, жинауды, жазуды, жүйелендіруді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), бөліп алуды, пайдалануды, үшінші тұлғаларға беруді (таратуды, беруді, қолжетімділікті), иесіздендіруді, бұғаттауды, жоюды қоса алғанда, дербес деректермен жасалатын кез келген әрекеттер (операциялар) жиынтығы түсініледі.

13.5. Өзінің дербес деректерін әкімшіге/Серіктеске ұсына отырып, Пайдаланушы оларды мынадай мақсаттарда өңдеуге келіседі:

13.5.1. Келісімді орындау мақсатында Пайдаланушыны сәйкестендіру;

13.5.2. Сервис шеңберінде ақпараттық хабарламаларды жіберу;

13.5.3. Сервисті қолдау қызметі Пайдаланушылардың сұрауларын өңдеу;

13.5.4. Иесіз қалған деректер негізінде сервисті пайдалануға статистикалық және өзге де зерттеулер жүргізу;

13.5.5. Сервисті жақсарту мақсатында Пайдаланушының артықшылықтарын талдау және зерттеу;

13.5.6. Сервиске техникалық қызмет көрсету;

13.5.7. Алаяқтықты және сервистің өзге де заңсыз пайдаланылуын болдырмау және анықтау;

13.5.8. Пайдаланушыға Келісім бойынша сервиске тиісті түрде рұқсат беру үшін қажетті өзге де заңды мақсаттарда.

13.6. Дербес деректерді өңдеу және қорғау шарттары:

13.6.1. Әкімші/Серіктес Пайдаланушының дербес деректерін тек Келісімде көрсетілген мақсаттарда ғана пайдаланады.

13.6.2. Әкімші/Серіктес Келісім шеңберінде Пайдаланушы ұсынған дербес деректерге қатысты құпиялылықты жасақтамаге міндетті. Әкімшінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның талабы бойынша Пайдаланушының дербес деректерін ашуы құпиялылықты бұзу болып есептелмейді.

13.6.3. Әкімші/Серіктес Пайдаланушының дербес деректерін заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден және таратудан қорғау үшін барлық қажетті техникалық шараларды жасақтамаге міндетті.

13.7. Әкімші Пайдаланушының өзінің дербес деректеріне қатысты мынадай құқықтарының сақталуына кепілдік береді:

13.7.1. Пайдаланушының дербес деректерін өңдеуге қатысты ақпаратты алу құқығы;

13.7.2. Егер дербес деректер толық емес, ескірген, дәл емес, заңсыз алынған немесе мәлімделген өңдеу мақсаты үшін қажетті болып табылмайтын жағдайда әкімшіден Пайдаланушының дербес деректерін нақтылауды, оларды бұғаттауды немесе жоюды, сондай-ақ өз құқықтарын қорғау жөнінде заңда көзделген шараларды қабылдауды талап етуге;

13.7.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген өзге де құқықтар.

14.ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

14.1. Келісім Келісімнің 2-бөліміне сәйкес Пайдаланушы акцептеген сәттен бастап күшіне енеді.

14.2. Келісім және оған жарияланған кез келген өзгерістер Пайдаланушының Сервисті пайдалануының бүкіл кезеңі ішінде қолданылады.

15.ӘКІМШІНІҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ

15.1. Әкімшінің деректемелері:

«Қазақтелеком» АҚ

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сауран көшесі, 12

БСН 941240000193

16.БЕЙНЕКОНТЕНТКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

16.1. Онлайн-кинотеатрлармен келісім:

16.1.1. QAZAQSHA онлайн-кинотеатрының бейнеконтентін пайдаланған жағдайда және/немесе осындай бейнеконтентті пайдалану үшін жазылымды қосқан жағдайда Пайдаланушы https://docs.google.com/document/d/13Pf6JruXuFfE9GzUvuMtiE-2T8a-PV1E/edit бойынша онлайн-кинотеатрдың желілік ресурсында орналастырылған пайдаланушылық келісіммен келіседі Әкімші платформасы арқылы QAZAQSHA онлайн-кинотеатрды пайдалану аумағы Қазақстан Республикасы деп танылады.

Пользователь обязуется использовать онлайн-кинотеатр QAZAQSHA способами, не противоречащими условиям Соглашения и вышеуказанного пользовательского соглашения онлайн-кинотеатра QAZAQSHA.

16.1.1. MEGOGO онлайн-кинотеатрының бейнеконтентін пайдаланған жағдайда және/немесе осындай бейнеконтентті пайдалану үшін жазылымды қосқан жағдайда Пайдаланушы https://megogo.net/ru/rules#agreement-privacy-cookie-policy.сілтемесі бойынша онлайн-кинотеатрдың желілік ресурсында орналастырылған пайдаланушылық келісіммен келіседі. Әкімші платформасы арқылы MEGOGO онлайн-кинотеатрды пайдалану аумағы Қазақстан Республикасы деп танылады.

Пользователь обязуется использовать онлайн-кинотеатр MEGOGO способами, не противоречащими условиям Соглашения и вышеуказанного пользовательского соглашения онлайн-кинотеатра MEGOGO.

16.1.2. «WINK» сервисінің бейнеконтентін пайдаланған жағдайда және/немесе осындай бейнеконтентті пайдалану үшін жазылымды қосқан жағдайда Пайдаланушы Интернет желісінде мынадай мекенжай бойынша орналастырылған «WINK» сервисін пайдалану туралы пайдаланушылық келісіммен келіседі: https://wink.ru/offer. Әкімші платформасы арқылы «WINK» сервисін пайдалану аумағы Қазақстан Республикасы деп танылады. Пайдаланушы «WINK» сервисін Келісімнің және жоғарыда көрсетілген «WINK» сервисінің пайдаланушылық келісімінің талаптарына қайшы келмейтін тәсілдермен пайдалануға міндетті.

16.1.3. «START» сервисінің бейнеконтентін пайдаланған жағдайда және/немесе осындай бейнеконтентті пайдалану үшін жазылымды қосқан жағдайда Пайдаланушы Интернет желісінде мынадай мекенжай бойынша орналастырылған «START» сервисін пайдалану туралы пайдаланушылық келісіммен келіседі: https://start.ru/legal/terms_of_use. Әкімші платформасы арқылы «START» сервисін пайдалану аумағы Қазақстан Республикасы деп танылады. Пайдаланушы «START» сервисін Келісімнің және жоғарыда көрсетілген «START» сервисінің пайдаланушылық келісімінің талаптарына қайшы келмейтін тәсілдермен пайдалануға міндетті.

16.1.2. «Premier» сервисінің бейнеконтентін пайдаланған жағдайда және/немесе осындай бейнеконтентті пайдалану үшін жазылымды қосқан жағдайда Пайдаланушы Интернет желісінде мынадай мекенжай бойынша орналастырылған «Premier» сервисін пайдалану туралы пайдаланушылық келісіммен келіседі: https://premier.one/ligal/agreement. Әкімші платформасы арқылы «Premier» сервисін пайдалану аумағы Қазақстан Республикасы деп танылады. Пайдаланушы «Premier» сервисін Келісімнің және жоғарыда көрсетілген «Premier» сервисінің пайдаланушылық келісімінің талаптарына қайшы келмейтін тәсілдермен пайдалануға міндетті.

16.1.2. «viju» сервисінің бейнеконтентін пайдаланған жағдайда және/немесе осындай бейнеконтентті пайдалану үшін жазылымды қосқан жағдайда Пайдаланушы Интернет желісінде мынадай мекенжай бойынша орналастырылған «viju» сервисін пайдалану туралы пайдаланушылық келісіммен келіседі: https://viju.ru/docs/user-agreement/. Әкімші платформасы арқылы «viju» сервисін пайдалану аумағы Қазақстан Республикасы деп танылады. Пайдаланушы «viju» сервисін Келісімнің және жоғарыда көрсетілген «viju» сервисінің пайдаланушылық келісімінің талаптарына қайшы келмейтін тәсілдермен пайдалануға міндетті.

16.2. Келісім бойынша MEGOGO, WINK, START, Premier, viju бейнеконтентіне қол жеткізгені үшін ақы төлеу Қазақстан Республикасының аумағында қазақстандық теңгемен және сервисте және/немесе Пайдаланушы құрылғыға арналған қосымшада және/немесе сайтта қол жетімді төлем жүйелері арқылы ғана жүргізіледі. Келісім шеңберінде қызметтерге ақы төлеу үшін пайдаланылатын төлем жүйелері Пайдаланушыны хабардар етпестен кез келген уақытта өзгертілуі мүмкін.

2025 жылғы 1 желтоқсандағы № 1 редакция