Жаңалықтар
Құрметті «Қазақтелеком» АҚ кабельдік теледидар абоненттері!
Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты 2026 жылғы 1 тамыздан бастап «НТВ Мир» телеарнасы «Қазақтелеком» АҚ аналогтық кабельдік теледидар желілерінде қолжетімді телеарналар топтамасынан шығарылатынын хабарлаймыз.
Құрметті абоненттер!
Кейбір телеарналарды ұсыну шарттары мен олардың тізбесінде болатын өзгерістер туралы хабарлаймыз.
2026 жылғы 1 маусымнан «Қазақтелеком» АҚ топтамалық тарифтері аясында TV+ сервисіне қосылған абоненттер үшін MMA-TV.COM HD, Бокс ТВ, Q Arena HD, Extreme HD, KHL Prime HD, viju+ Sport HD, Q League HD, Setanta Sports 1 HD, Setanta Sports 2 HD, Q Football HD спорт арналары негізгі арналар топтамасынан жаңа «Sport+» қосымша топтамасына ауыстырылады. Телеарналардан бөлек, қосымша топтама құрамына кеңейтілген спорт контент, оның ішінде бағдарламалар, матчтарға шолулар және қосымша трансляциялар кіреді. Топтама сатып алынған тарифтік жоспар аясында негізгі арналар топтамасына қосымша опция ретінде қолжетімді болады. Қосылу құны ҚҚС-мен айына 1 290 теңге.