Қоян мен тиін

6+
Казахстан2022Family6+

Plot

Көрші қоян мен тиін құдайдың құтты күні бәсекелесетін де жүретін. Тек күндердің күні бәсекелестіктің бақ таппасын түсініп, бақталастықтан татулық дұрыс деп тапты. Оқиға ну орманның ішіндегі үш бас кейіпкер: Қоян, Тиін мен Өгіздің арасында болады. Өгіздің жайқалып өскен гүлін көріп, Тиін мен Қоян да өз бақшасында осы гүлді екпекші болады. Сөйтіп араларында бақталастық пайда болады. Бәсекенің шектен шыққаны сонша, ағашты да тамырымен қопарып, өз үйінің алдына әкеп отырғызуға дейін барады. Бір-бірінен асып түспекші болып, әрқайсысы ағашты молынан суара бастайды. Іске кірісіп кеткен екеуі төбелерінен үйірілген бұлтты да байқамай қалады. Ағаштарына жай түсіп, күлге айналып, жерге құлайды. Қырсықтығына қарамастан Өгіз бұл екеуіне дастархан жайып, екеуін қайта татуластырады.
Genre
Family
Country
Казахстан