KÖLEÑKE
18+
Казахстан2025Шытырман оқиғалар18+
Үш қылмыскер өздеріне жүктелген істі ойдағыдай жүзеге асыра алмай, абайсызда кісі өлтіріп қояды. Қашып жүріп, олар Жынқорған атты тылсым орманға тап болады. Мәйіттен құтылмақ болған кезде, олардың жолын қазақ мифологиясындағы қорқынышты жаратылыс – Жалмауыз кемпір кесіп, үшеуіне қарғыс артады: олар құбыжықтарға айналып кетеді. Адам кейпіне қайта оралу үшін келесі толық айға дейін Жалмауыз кемпірдің басын тауып, оны қасиетті бұлаққа жеткізуі керек. Бұл – қазақ мифологиясындағы тылсым жаратылыстар мен өз ішкі үрейлерінің арасынан жол іздеген, өмір мен достық сынға түсетін қатерлі де абсурдты сапар.