Айбынды аула
1 Маусым6+
Казахстан2025Қиял6+
Мысықтан оңбай жеңілген үш барлаушы – Қабақ, Қыли мен Басшы – бастары салбырап, Атаманның алдына оралмақ болады. Бірақ оларды жолда алдымен Соқыр қарсы алады. Жеңілістерін жасырып, бар жағдайды «астық үшін шайқастық» деп бүркемелеп құтылмақ болған үшеу ақыры шындықтың ауыр соққысына тап келеді. Атаманның ашуы мен Соқырдың кегі оларды жаңа тапсырмаға итермелейді: Айбынды Ауланың тұрғындарынан кек алу. Күлкіге толы, абсурдпен көмкерілген бұл эпизодта ақымақтық та, айлакерлік те, «таяқтың дәмі» де қатар жүреді.