Дерево Амен-аға
6+
Казахстан2022Отбасылық6+
Сюжет
1965 жылдың жазы. ВГИК-ті жаңа бітірген Әмен Хайдаров Алматыға қайтып келе жатады. Жолда, пойыз ішінде, оған кенеттен шабыт келіп, болашақ фильмінің прелюдиясына көркемдік шешім табады. Одан әрі «Қазақфильм» киностудиясында тұңғыш қазақ мультфильмі — «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» туындысының жасалу барысы ықшам эпизодтар арқылы көрсетіледі. Бұл фильм — қазақ анимациясының негізін қалаушы, режиссер әрі суретші Әмен Хайдаровтың 100 жылдық мерейтойына арналған тағзым.