ҰЯТ ЕМЕС

18+
Казахстан2022Деректі18+

Сюжет

Жыл басынан бері Қазақстанда 30-дан астам жаңа туған нәресте өз аналарының қолынан қаза тапты. Өткен жылы мұндай қайғылы жағдайдың құрбаны болған сәбилер саны 57-ге жетті.Бұл үрейлі статистиканың артында жазықсыз сәбилердің қиылған өмірі, аналардың тағдыр тәлкегі және қоғамымыздағы жыныстық тәрбие мен ағартушылық мәдениетінің олқылығы жатыр.Біз бұл тақырыпқа бейжай қарай алмадық. Ринат Балғабаевтың «Ұят емес» атты деректі фильмі балалар мен жасөспірімдерге жыныстық тәрбие мен сексуалдық ағартудың маңыздылығына арналған.Мәселе мынада: Қазақстанда балалар тиісті жыныстық тәрбиені отбасыдан да, мектептен де толық ала алмайды. Көптеген отбасыларда жыныстық қатынас тақырыбы жабық тақырып болып қала береді, ал мектептерде оқушылардың санасына бұл мәселеге қатысты түрлі қате түсініктер мен жаңсақ пікірлер сіңіріледі.Елімізде жасанды түсік жасау мен ерте жүктілік жағдайларының саны артып келеді. Жыл сайын 10 мыңға жуық кәмелетке толмаған қыз жоспарланбаған жүктілікке тап болады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы ең жас ананың жасы – 13-те.Адам өмірінің ең маңызды қырларының бірі туралы ақпаратты жасыру ерте жүктілікке, жасанды түсікке, жыныстық мәдениеттің төмендеуіне, зорлық-зомбылықтың көбеюіне және ересек өмірдегі түрлі психологиялық әрі әлеуметтік мәселелердің туындауына алып келеді.
Жанр
Деректі
Ел
Казахстан