БАЗАР
16+
Казахстан2023Деректі16+
Сюжет
«Алтын Орда» – Алматы қаласын ғана емес, еліміздің өзге де өңірлерін азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған ең ірі көтерме сауда нарықтарының бірі. Фильмде қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі субтитрлер ұсынылған.Бұл базар еліміздегі баға қалыптастыруға елеулі ықпал етеді, алайда өз заңдылықтарымен өмір сүреді. Қаңтар оқиғаларынан кейін Президент «Алтын Орданы» «пайдакүнемдердің жемқорлық көзіне» және «қылмыстық ортаға қолайлы орынға» айналғанын айтқан болатын.Фильмде «мемлекет ішіндегі мемлекетке» айналған осы алып нарықтың тыныс-тіршілігі, оның бүгінгі ахуалы, бұрынғы иелерінен қалған мұрасы және демалыссыз, еңбек демалысынсыз осы базарда күн сайын жұмыс істеп, өмір сүріп жүрген адамдардың тағдыры баяндалады.