Жасырын қойма

12+
Казахстан2024Драма12+

Сюжет

Синтетикалық есірткілер Қазақстан үшін ең күрделі қауіптердің біріне айналып отыр. Оларды қолданушылардың денсаулығына тигізетін ауыр зардаптарымен қатар, есірткі қылмыстың күрт өсуіне де себеп болады. Соңғы жылдары есірткіге тәуелді адамдар саны да, есірткіге байланысты құқықбұзушылықтар да айтарлықтай артты. Әсіресе кәмелетке толмаған есірткі тасымалдаушылар санының көбеюі алаңдатады. Әлеуметтік желілер арқылы жас жігіттер мен қыздарға, тіпті жасөспірімдерге де, тәжірибе мен арнайы дағдыны талап етпейтін «жоғары жалақылы» жұмыс ұсынылады. Олар көбіне оның қаншалықты қауіпті екенін де, Қазақстанда есірткі тарату үшін 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын да толық түсіне бермейді. Қазақстандағы түрмелер «закладчик» ретінде сотталғандармен тез толып барады. Ресми деректерге сәйкес, қазіргі таңда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде есірткі заттарын тарату, сақтау және өндіру бойынша шамамен 4,3 мың адам жазасын өтеп жатыр. Соңғы екі жылда есірткі таратқаны үшін сотталғандар саны 30%-ға өсті. Неліктен қазақстандық жастар есірткі бизнесіне жиі тартылып жатыр және бұл олардың өміріне қандай салдар әкеледі? Осы туралы жаңа фильмімізде баяндаймыз!
Жанр
Драма, Деректі
Ел
Казахстан