Иелену

18+
Казахстан2023Деректі18+

Сюжет

Құмар ойындардың жылдық айналымы 1 триллион теңгеден асып отыр. Ресми емес деректерге сүйенсек, жүйелі түрде ойнайтындардың саны 300 мыңнан 1 миллион адамға дейін жетеді, олардың едәуір бөлігі — мектеп оқушылары мен жастар. Қымбатқа түсетін бұл тәуелділік ойыншыларды қарызға батырып, қылмысқа итермелейді. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мәліметінше, өткен жылы қылмыстық істердің 20%-ы, яғни 31 мың іс, құмар ойындармен байланысты болған. Сол жылы 3676 суицид тіркелсе, оның әр бесіншісі — құмар ойындар мен соған байланысты қарыздардың салдары. Бұл тәуелділік отбасыларды күйретіп, қоғамды ірітеді. Соған қарамастан, Қазақстанда құмар ойындар заңды түрде рұқсат етілген, ал букмекерлік кеңселер — елдегі ең ірі жарнама берушілердің бірі. Олардың қызметін және жарнамасын шектеуге бағытталған жекелеген депутаттар мен қоғам белсенділерінің бастамалары қатты қарсылыққа тап болып келеді.
Жанр
Деректі
Ел
Казахстан