Менің атым Қозы
1 Маусым6+
Казахстан2019Отбасылық6+
Сюжет
Кішкентай Қозы күні бойы компьютердің алдында отырып, виртуалды ойындарға әбден әуестеніп кеткен.Бір күні әкесі ұлын шынайы өмірге қайтарғысы келіп, оны ауылдағы әжесі мен атасына жібереді. Қозы сүйікті приставкасын қимай, қалада қалғысы келгенмен, құрылғысын үйде қалдырып, ауылға кетуге тура келеді. Ауыл өмірі оған әлі де бейтаныс, кейде тіпті қорқынышты көрінеді.Екінші бөлімде Қозы ауыл тіршілігіне әлі үйренісе алмай жүреді.Сол кезде атасы немересінің қызығушылығын оятпақ болып, қалада бұрынсоңды көрмеген ауыл қызықтарын көрсеткісі келеді.Осы жолы ол Қозыны өзімен бірге балық аулауға ертіп барады.Өзен жағасында Қозы «тынымсыз» масалармен кездеседі.Бірақ олардың ызыңы мен тітіркендіргіш қылығы Қозының қиял әлемін оятып, бәрі бір сәтте бейнебір соғыс ойынына айналады. Ол өзін батыр сезініп, приставкадағыдай шайқасқа түседі – бұл жолы қарсыластары масалар мен балықтар! Бірнеше «раундтан» кейін Қозы нағыз табиғаттың сиқырына елітіп, өзен жағасында өткізген уақыттың қаншалықты қызықты екенін сезінеді.Ақырында ол таза ауада, табиғат аясында өткізген шынайы сәттердің кез келген ойыннан әлдеқайда ғажап екенін түсінеді.