Бақашабақ
6+
Казахстан2022Отбасылық6+
Сюжет
Жаздың таңында тырнақтай ғана бақашабақты тауып алған ұл бала оған дос болайық дейді. Бақашабақ та оған келісіп, жатырқамай баланың қолына барады. Бала бақашабақ досын өзінің үйіне алып кетті. Алайда көп ұзамай бақашабақтың нағыз үйі, отаны – көл екенін ұғады. Сөйтіп, қимастықпен оны қайтадан суға жіберді. Содан бері олардың достығы одан сайын нығая түсті, ал бала болса қорғансыз тірі жаратылыстың өмірі үшін қандай жауапкершілік алу керек екенін түсінді.