Пусанға баратын пойыз
1 ч 58 мин 18+
201618+
Сюжет
Кішкентай қыз Су-анның туған күні. Ол Сеулде әкесімен тұрады, әрі өзінің төл мерекесіне орай Пусанға анасына барғысы келеді. Жол-жөнекей оқыс жағдай болып, елге құпия індет лап қояды. Вирус шабуылынан төтеп бере алған жалғыз қала – Пусан. Ал сол қалаға апаратын пойыздың жолаушыларына тірі қалу үшін жанын салып күресуге тура келмек. 442 шақырымдық жол. Бортқа қош келдіңіздер, естеріңізде болсын – бұл додада аман қалудан гөрі, адам болып қалу маңызды!