Гангстер, полицей және әзәзіл

7.0imdb7.3kinopoisk1 ч 49 мин 18+
201918+

Сюжет

2005 жыл. Провинциялық Чхонан қаласының қылмыс әлемінің жетекшісі Чан Дон-су баукеспе кісі өлтірушінің қолынан қаза таба жаздайды. Әрі бұл сериялық маньяктың уысынан аман қалған жалғыз жан болып шығады. Енді оның қылмыскерлер арасындағы беделіне нұқсан келді. Сыбайластарының арасында абыройын сақтап қалу үшін – өзіне тап берген қылмыскерді тауып, кек алудан басқа амал жоқ. Жергілікті детектив Чон Тхэ-сок нағыз полицей, әрі ұйымдасқан қылмысты жек көреді, алайда қанішер маньякты қолға түсіру үшін бандиттердің басшысы Дон сумен күш біріктіруге мәжбүр.