Ағайынды аюлар: Үш әлем құпиясы
1 ч 23 мин 6+
20176+
Сюжет
Көңілді, әрі тентек ағайынды аю Брайр мен Брамбл, орманның барлық тұрғындары сияқты, өз үйін – өздері тұратын ну орманды жақсы көреді. Әрі өздерінің досы – ағаш кесуші Викке оны жоюға жол бермейді.
Аюлардың азуынан талай рет сытылып шыққан Вик бір күні робот-археолог Коконы жолықтырады. Ол жоғалып кеткен ежелгі «Қиял» әлемін тапқысы келіп, сиқырлы әлемнің қазынасын іздеп жүрген баукеспелерден қашып жүр екен. Ағайынды аю мен Вик бірлесіп қазынаны қорғап қалуға бел буады, өйткені нағыз достықтың алмайтын қамалы жоқ емес пе?!